Тақырыбы: «Мектеп пен ата-ана »
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Барысы:
І. Кіріспе
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. «Мектеп - кеме, білім – теңіз» десек, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады. Баланың мейірімді, еңбекқор,тәрбиелі, білімді болып өсуі ата-ана мен мұғалімнің еңбегінің жемісі. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту.
Топтарды таныстыру, Әр топқа бір сұрақтан қойылады.
«Күн» тобы:
Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
«Жүрек» тобы:
Бала үшін ата-ана мен мұғалім арасында қандай байланыс болуы керек?
«Ұлағат» тобы:
Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
“Күн” тобы
Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз “басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы”,-деді. Сіздің әрекетіңіз?
«Жүрек» тобы
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Баға дегеніміз не?
- Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз?
- Бала “5” алғанда ата –ана не істейді, бала не істейді?
СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ “2”АЛЫП КЕЛСЕ, СІЗ НЕ АЙТАСЫЗ?
Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға
қаншалықты жиі айтасыз?
- Баршы, қазір қолым бос емес!
- Қарашы, тағы бүлдірдің!
- Дұрыс емес!
- Сенің бірдеңе үйренетін
күнің бола ма?
- Сен мені жындандырасың!
- Әкең (немесе шешең) екеуіңнің
менсіз күндерің қараң қалар!
Ата-аналарға кеңес
. 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен
тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті
күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің
төрайымымен байланыста болу;
5. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың
сабағына қатысу;
- Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз
Қорытынды.
Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да бала көзімен қараңыз -дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!