Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлес қосу адамның азаматтық парызы. Әрине қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарты жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық.
«Қайырымдылық-адами құндылықтардың сақтаушы күші» деген қағиданы мақсат ете отырып, жыл сайын Мичурин ЖОББМБ кешені 1тамыз бен 29 қыркүйек айының аралығында өтетін «Мектепке жол » акциясынан бастап, « 1 қазан-Қарттар күніне» орай өткізілетін «Қайрымдылық, қамқорлық» акциясын мектеп ұжымы мен оқушылары және мектептің демеушілерінің бірігуімен көптеген шаралар өткізіледі. Биылғы оқу жылының басында мектебіміздің көпбалалы және жетім ,жағдайы нашар отбасыларына «Мектепке жол» акциясын барысында мектебіміздің демеушілері ( мектеп формасы,спорттық киімдер,аяқ киім және оқу –құралдармен) қамтамасыз етті. Ал, 1 қазан күні «Қарттар күніне » орай өткізілген «Қайрымдылық, қамқорлық» акциясында мектеп директоры А.А.Кенжебаева бастаған ұстаздар және «ЖасҰлан» ұйымы, мектебіміздің көп ұлтты «Достық» клубы облысымыздағы қарттар үйіне «Қарты бар үй-қазыналы үй» атты қайырымдылық концертпен барып,ата–әжелеріміздің көңілдерін көтеріп,қарияарымыздың алғыстарына бөленді.
Сонымен қатар мектебіміздің әрбір сыныбына бөлінген соғыс,еңбек ардагерлерімен бірге ұстаз ардагерлері бар.Биылғы оқу жылында әрбір сынып «Қайрымдылық, қамқорлық» акциясы кезінде өздеріне бөлінген ардагерлердің үйіне барып,қолдарынан келгенше көмегін көрсетіп,әңгімелесіп қайтты . Акция барысында бастауыш сыныптар арасында «Қарттарым аман болыңдар!» , «Менің атам », «Мен әжемнің баласы » атты сынып сағаттар,сурет байқауы өткізілді. Акция соңында « Жүрегімнен жақсылыққа орын бер!» атты қорытынды концерт болды. Бұл концертте мектебіміздің директоры А.А.Кенжебаева демеушілерді, ТОО «Восход» жетекшісі М.Л.Гурсаеевты, ТОО «Отау Алан» Л.А.Турсынованы, КХ «Ернұр» жетекшісі Б.К. Сәтбаеваны, жеке кәсіпкер Р.Г.Жалғасбаеваны және мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына қол ұшын созып, өз келісімдерімен мектептің ісіне белсене араласып, балаларына саналы тәрбие беріп отырған ата-аналарды «Алғыс хаттармен » марапаттады. Сонымен қатар қорытынды концертімізге денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушылар да шақырылып, оларға сыйлықтар табысталып,әртүрлі психологиялық трингтер өткізілді. Ал үйден оқитын оқушылар өздерінің қолдарынан шыққан шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.
Тағдыр қиындықтарына мойымайтын асыл қарттарымыздың жүзіне күлкі, жүрегіне қуаныш сыйлау мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың да жүрігіне қажымыс қайрат, таусылмас мейірімділік сыйлағаны сөзсіз. Кішкене ғана уақыт ішінде болсада оларға көмек қолын созу, жылулық сыйлау, қамқор болу біздің қоғам алдындағы борышымыз деп білетін мектеп ұжымы , өз адамгершілік, қамқорлық қасиеттерін одан әрі толықтыра түспек . Осындай мән-мағынаға толы жылулық сыйлайтын қайырымдылық кештер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Мичурин ЖОББМБ кешенінің
қазақ тілі және әдебиет пәні
мұғалімі,тәрбие ісінің
меңгерушісі Г.Г.Дуйсенгалиева